«Тәртіп пен еңбек сапасы - өте маңызды. Осы қарапайым ережелерсіз табысты әлеуметтік жаңғырту жайында айту қиын. Егер әр қазақстандық өз тағдырының еңбекқор қожайыны болмаса, елдегі бар жақсыны арттыруға үлес қоспаса немесе оны бағаламаса, онда мемлекет қаншалықты халықтың әл-ауқатын арттыруға күш салса да ол өспейді», - деді Елбасы.
Осы орайда Президент құр қол қусырып отыруға болмайтынын айта келе, «Мемлекет тиісті жағдай жасап отыр. Мемлекеттің ең басты мақсаты - жұмыс істей алмайтындарға, яғни зейнеткерлер мен мүгедектерге көмек көрсету. Ал қол-аяғы сау азаматтарға еңбек етуге жағдай жасалуда. Біздің кейбір азаматтар бала-шағасына төлеген жәрдемақасына күнелтіп, үйінде отыр. Әйтеуір, тамағына жетіп, аштан өлмесе болды, несіне жұмыс істеймін деп отыр. Осындай психологиямен ол балаларын қалай тәрбиелейді, қалай оқытады? Осы тұрғыда өздерің ойланыңдар», - деді.