Президент артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелеріне қатысты құжатқа қол қойды
21:07, 01 Шілде 2024
АСТАНА. KAZINFORM - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелеріне қатысты құжатқа қол қойды.
«Мемлекет басшысы „Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сатып алу және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы“ Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — деп жазды Ақорда сайты.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.