Президент Ашхабадтағы Конгресс орталығына барды

Фото: Ақорда

АШХАБАД. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық форумға қатысу үшін Конгресс орталығына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов қарсы алды. 

Халықаралық форумға қатысушылар маңызды жиын алдында бірге суретке түсті. 

Фото: Ақорда

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының Түрікменстанның астанасы Ашхабад қаласына барғанын жазғанбыз. Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президентімен кездесіп, мерейлі сәтке орай ұйымдастырылған халықаралық форумда көтерілетін мәселелердің маңызын талқылады.