Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов қарсы алды.
Халықаралық форумға қатысушылар маңызды жиын алдында бірге суретке түсті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының Түрікменстанның астанасы Ашхабад қаласына барғанын жазғанбыз. Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президентімен кездесіп, мерейлі сәтке орай ұйымдастырылған халықаралық форумда көтерілетін мәселелердің маңызын талқылады.