Президент асыл тұқымды Ақалтекеден туған құлындарға Ақниет және Бөрте деген есім берді

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы асыл тұқымды Ақалтеке жылқыларын көрді. Бұл туралы Президент Телерадиокешені мәлім етті.

Фото: Президент Телерадиокешені

— Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда құлындаған екі биенің төлін тамашалап, жаңа туған құлындарға Ақниет және Бөрте деген есім берді, — делінген хабарламада.

Фото: Президент Телерадиокешені

«Ер жетіліп, бас болар, тай жетіліп, ат болар» деген қазақы тәмсілді келтірген Президент жас арғымақтарға желмен жарысқан жүйрік болуын тіледі.

Фото: Президент Телерадио кешені
Фото: Президент Телерадиокешені

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент тазы мен төбетті ұлттық бренд ретінде кеңінен насихаттау жөнінде тапсырма берген болатын.