Президент Астана қаласы бойынша ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратын аралады

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Астана қаласындағы ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратын аралап көрді. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

— Қасым-Жомарт Тоқаевқа жедел орталық, қызметкерлердің жұмыс кабинеттері және заманауи талаптарға сай жабдықталған қызметтік бөлмелер таныстырылды. Президент елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті материалдық-техникалық базамен жарақтандырылған жаңа ғимараттың құрылыс жұмыстарына оң баға берді, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Асхат Хасенов Президентке «ҚазМұнайГаз» компаниясының атқарған жұмыстары туралы есеп бергенін жазған едік.