Президент Астана және Қазақстан митрополиті Александрды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы митрополит пен барша православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Православ шіркеуінің дәстүрлі және отбасылық құндылықтарды насихаттауға, жас ұрпақты тәрбиелеу мен еліміздің бай мәдени мұрасын сақтауға елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өтті. 

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Президент митрополит Александрды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Бұл оның Қазақстандағы қызметіне 15 жыл толуына орай, сондай-ақ бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы еңбегі үшін беріліп отыр. 

Фото: Ақорда

Айта кетелік Президент бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдаған еді