Президент Астанада бірқатар нысанды аралап, қаланы дамыту жөнінде кеңес өткізеді
10:49, 24 Желтоқсан 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысанды аралайды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
— Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралап, Астана қаласын дамытуға арналған кеңес өткізеді, — делінген хабарламада.
Айта кетелік Мемлекет басшысы «2025 жылы қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты беру туралы» Жарлыққа қол қойған еді.