«Президент астананы Қостанайға ауыстыру туралы мәлімдеді» - фейк

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел астанасын Қостанайға көшіру туралы мәлімдегені жайлы ақпарат тарап жатыр. Stopfake.kz сайтының жазуынша, бұл – фейк, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ресми дереккөздерде мұндай ақпарат жоқ. Еліміздегі негізгі БАҚ мұндай хабарламалар жарияламаған. Елорданы көшіру туралы мәлімдеме akorda.kz ресми порталында да шықпаған.
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі аккаунтында да бұл туралы жазбаған.
Қазақстан Президенті баспасөз қызметінің Twitter-аккаунтында да ел астанасын Қостанайға көшіру туралы жаңалық жоқ.
Демек, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан астанасын Қостанайға ауыстыру туралы мәлімдемесі фейк», - деп қорытады Stopfake.kz сайты.