«Қазір Ауғанстан аумағы арқылы өтетін көлік дәліздерін ашу қарастырылып жатыр. Бұл қадам Оңтүстік Азия елдерінің әлеуеті мол нарықтарына және Үнді мұхитындағы айлақтарға шығуға жол ашады. Бұған осы өңірдегі бүкіл ел мүдделі. Біз Орталық Азияның өз ішінде және одан тысқары елдермен көлік саласындағы ынтымақтастық ауқымын кеңейту арқылы көптеген мақсатқа жете аламыз», - деп жазады автор.
Мемлекет басшысы Орталық Азия елдерінің ықпалдастығы көлік-логистика саласын бірге дамытуды қажет ететінін айтады.
«Көлік қатынастарын кешенді түрде жақсарту (әуе рейстерінің жиілігін арттыру, жаңа әуе және теміржол бағыттарын іске қосу, шекарадағы өткелдерді жаңғырту, т.б.), инновациялық технологияларды енгізе отырып, көлік инфрақұрылымының қарқынды дамуын қамтамасыз ету, транзит мүмкіндіктерін кеңейту және өңірдің транзиттік-логистикалық әлеуетін тиімді пайдалану мәселелері болашақта біздің елдеріміздің транзит-көлік саласындағы ықпалдастығының негізгі бағыттарына айналуға тиіс», - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.