Президент ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін аралап көрді

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM – Ақорда Президенттің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін аралап көргенін хабарлады.

Қаладағы 50-ге жуық өңдеуші кәсіпорын былтыр 168,5 млрд теңгенің өнімін шығарған.

- Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылыжай кешендерін салуға түркиялық Alarko Holding компаниясы 650 млн доллар, ал Польшаның Fabe Polska SP кәсіпорны 136 млн доллар көлемінде инвестиция құюға ниетті екені айтылды, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барған болатын.