«Ауыл әкімдерін сайлау ары қарай дамуы керек. Алайда оны жүзеге асырамыз деп асығыстық, науқаншылдық танытпау керек. Қазақстанның саяси транформациясы – бір сәттік, популистік акция емес. Бұл реформа – мағынасы жағынан стратегиялық сипатқа ие. Себебі ол ол Қазақстанның демократиялық және өркениетті мемлекет ретінде ары қарай дамуына бағытталған шаруа. Қазақстанның модернизациясы – жастардың мүддесін қорғауды мақсат тұтады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.
Айта кетсек бұған дейін Президент ауыл әкімдерін сайлау - тиімді әрі бекем мемлекеттік институттарды құрудағы маңызды қадам екенін жеткізген еді.