Президент азаматтардың құқығын қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселесі бойынша жиын өткізді
19:12, 11 Ақпан 2026
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен жұмыс кеңесіне Президент Әкімшілігі, Қауіпсіздік Кеңесі және құқық қорғау органдарының жетекшілері қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Жиында елімізде азаматтардың заңды құқықтарын қорғау және «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасына сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Сондай-ақ Президент кеңеске қатысушыларға Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасы бойынша жұмыс істеген Конституциялық комиссия қызметінің қорытындысы жөнінде мәлімет берді.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды.