«Үкіметтік емес ұйымдар өмір сапасының жоғары стандарттарын ілгерілетуде негізгі драйверге айналуы тиіс. Мен бес әлеуметтік бастама жария еттім. Жолдаудың осы негізгі мақсаттары үкіметтік емес ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста жүзеге асырылуы қажет. Мен мұны барлықтарыңыздан өтінемін. Ең алдымен бұл - мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын бағалау, қоғамдық бақылау, сонымен қатар сапа, халықпен кері байланыс»,- деді Елбасы.
ҚР Президенті студенттерге жатақхана салу, «7-20-25» бағдарламасы, тұрғындар үшін газ құбырын тарту бастамаларының барлығы да қарапайым адамдарға бағытталғанын баса айтты. ҮЕҰ-лер конститутциялық қызметтермен қатар халықты жұмыспен қамту жұмыстарына да араласуы тиістігін баса айтты.
«Осыны ескере келе, Үкіметке сіздермен бірлесіп, 2025 жылға дейінгі азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырамын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.