Президент: Бағаның өсуі тек әлеуметтік салаға қатысты түйткіл емес

Фото: Акорда

АСТАНА. KAZINFORM – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі баға тұрақсыздығының ауқымы әлеуметтік саланың аясынан асып бара жатқанын айтты.

- Халықтың әл-ауқатын арттыру үшін қыруар жұмыс істеліп жатыр, бірақ инфляция жоғары болып, бұл жұмыстың көбі зая кетіп жатыр. Бағаның өсуі тек әлеуметтік салаға қатысты түйткіл емес. Бұл – макроэкономикалық тұрақсыздыққа, инвестициялық ахуалдың нашарлауына әкеп соқтыратын күрделі мәселе. Үкімет, Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бірлескен іс-қимыл бағдарламасын аясында үйлесімді, нәтижелі жұмыс істеу керек, - деді Мемлекет басшысы.

Айта етейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

Жиында елдің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады.