Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовтың сөзінше, ұлықтау рәсімінде президент өте өзекті мәселелерді көтерді. Әлеуметтік, жастар мәселесіне тоқталып, көптің көкейіндегі мәселелерді шешуге бағытталған нақты қадамдарды атап өтті.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының салып келген сара жолын әрі қарай жалғастырушы екенін нақты айтты. Сонымен қатар, қоғамның талабына, дауыс берушілердің үмітіне, олардың сеніміне жауап бере алатынын нақты өзінің жоғарыдағы жоспарларымен дәлелдеп отыр», - дейді Ерлан Сыдықов.