АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде Балалар құқығы жөніндегі уәкілеттінің институтын құруды тапсырды.
«Бірінші кезекте, қоғамдық бастамалар негізінде Балалар құқығы жөніндегі уәкілеттінің институтын құру мәселесін қарастыруды тапсырамын. Қамқоршысыз қалған жетім балалардың бірыңғай жалпыұлттық мәліметтер базасын қалыптастыру керек», - деді Мемлекет басшысы.
Осы орайда Елбасы мемлекет балалар үйлеріне бөліп жатқан қаржыны бала асырап алушы отбасыларға бағыттауға болатынан атап өтті.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.