«Балаларды интернеттегі қудалаудан сақтау керек. Мәселені жүйелірек түсіну үшін Ұлттық мониторинг механизмін – балалардың амандығы индексін құрып, оны 2022 жылдан бастап енгізу қажет. Индексті енгізу жұмысы балалардың әртүрлі саладағы жағдайын жақсарту бойынша ұлттық саясаттың тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді», - деді Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы ерекше қажеттілігі бар қолдау да маңызға ие екенін жеткізді.