Президент «Барыс» капитаны Даррен Дицқа алғыс айтты: Жарайсың, Дәурен!

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Барыс» клубын ҚХЛ-дың плей-офф кезеңіндегі алғашқы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Барыс» клубын ҚХЛ-дың плей-офф кезеңіндегі алғашқы жеңісімен құттықтаймын. Әсіресе, матч барысында Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындаған команда капитаны Даррен Дицқа ерекше алғыс айтқым келеді. Жарайсың, Дәурен! Бұл жеңіс «Барыс» клубын жаңа жетістіктерге жетелесін», - деп жазады Мемлекет басшысы instagram парақшасында .


Еске салсақ, «Барыс» хоккей клубының капитаны Даррен Диц Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаға үн қосқаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.