Президент Бас прокурорға Арыстағы жарылысқа кінәлілерді жауапқа тартуды тапсырды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа қадағалаушыорганның биылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмыстарының нәтижелері мен алдағыкезеңге арналған жоспарлары туралы мәлімет берілді.

Мемлекет басшысына Бас прокуратураның құқық қорғауоргандарының қылмыспен күреске және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етугебағытталған үйлестіру функциясын күшейту жұмыстарының орындалуы жөніндебаяндалды. Сондай-ақ, Ғизат Нұрдәулетов азаматтардың конституциялық құқықтарынқорғау жөніндегі шаралар туралы есеп берді.

Қазақстан Президенті Бас прокурорға Арыс қаласындағыжарылыстарға қатысты қылмыстық істі тергеу барысында әділдік пен заңдылықтықамтамасыз етуді және кінәлі тұлғалардың бәрін жауапқа тартуды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев күш-жігерді азаматтардың құқығынқорғауға, сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы күреске жұмылдыруқажеттігін айтты.