«Экономиканы қолдау үшін Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы бастамаларын іске асыру жалғасуда. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына биылғы жылғы 12 ақпандағы жағдай бойынша кәсіпкерлерден 1,1 трлн теңгеге жуық сомаға 1 410 өтінім келіп түсті. Оның ішінде банктер 731,5 млрд теңгеге 889 өтінімді мақұлдады. 552 млрд теңге сомасына 810 қарыз берілді», - деді ол.
ҰБ төрағасының дерегінше, кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы бойынша осы жылғы 12 ақпанда кәсіпкерлер 672,3 млрд теңгеге 2 632 өтінім берді.
«526,2 млрд теңгеге 1 844 өтінім мақұлданды, 596,3 млрд теңгеге 5 879 қарыз берілді. Оның ішінде 138,5 млрд. теңгеге 2 479 қарыз бұрын берілген қарыздарды өтеуден түскен ақша есебінен беріліп отыр», - деді Ерболат Досаев.