- Салық салудағы әділдік мәселесіне жеке тоқталғым келеді. Ірі байлық иелері үшін жоғары мөлшерлеме енгізу мәселесін талқылайтын уақыт келді деп санаймын. Ешкімнің заңды жолмен тапқан активтеріне қандай да бір шектеу қою көзделіп отырмағанын баса айтамын. Бұл Конституцияның өзіне қайшы болар еді. Сөз әр азаматтың еліміздің дамуына шамасына сай әрі адал үлес қосуы туралы болып отыр. Бұл – әділдік мәселесі, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, Үкімет пен Құрылтай осы мәселені зерделеп, тиісті ұсыныстар енгізуге тиіс.
- Салық салудағы әділдік ашықтықты талап етеді. Демек, салық жүйесін толық цифрландыру қажет. Салық жинау тиімділігін арттыру, көлеңкелі экономиканы қысқарту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін жасанды интеллектіні қоса алғанда, озық технологияларды пайдалану керек, – деді Мемлекет басшысы.
Бұған дейін Мемлекет басшысы ел өміріндегі тарихи өзгерістердің барлығы халықтың көз алдында болып жатқанын айтқан еді.