Президент Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысып жатыр

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM –  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысып жатыр. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Жиын Вашингтондағы Дональд Трамп атындағы бейбітшілік институтында өтіп жатыр. 

Фото: Ақорда

Айта кетелік Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапарымен баратынын жазған едік

Еске салсақ Вашингтонда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарында тұратын және білім алып жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесті.