Президент Бейжіңде ЖИ бойынша өткен халықаралық олимпиада жеңімпаздарымен жүздесті
20:39, 02 Қазан 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңде жасанды интеллект бойынша өткен халықаралық олимпиада жеңімпаздарымен әңгімелесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстандық оқушылар 3 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алған.
Биыл IOAI 60-тан аса елден келген 280-нен астам жас зерттеуші мен бағдарлама әзірлеушілерінің басын қосқан.
Бейресми командалық есепте Қазақстан әлемде Қытай мен АҚШ сияқты елдерден озып, 4-орын иеленген.
Айта кетейік, аталмыш шаралар Астанада өткен Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумы аясында болып жатыр.
Осы шара аясында Қазақстан және Мажарстан президенттері Alem.AI жасанды интеллект орталығын аралады.