«Мен бұған дейін өңіраралық үйлестірудің маңыздылығы туралы айтқан едім. Облыстар арасындағы түрлі блокпосттарда көліктердің бірнеше сағат бойы тұрып қалуы фактілері орын алуда», - деді Президент.
Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік комиссия аталған жағдайды қадағалау керектігін атап өтті.
Бұған дейін хабарланғандай, Президент ауыл шаруашылығының азық-түлік өнімдерін жеткізушілердің карантиндік қалаларға үздіксіз кіруін қамтамасыз ету керектігін тапсырды.
«Оларға жедел түрде «жасыл» аумақтар арқылы өткізу құжаты берілуі тиіс. Бұл көктемгі дала жұмыстарын бастайтын фермерлерге де қатысты мәселе», - деді ол.