Мемлекет басшысы компанияның өз иелігіндегі BNK Finance Kazakhstan микроқаржы ұйымын толыққанды екінші деңгейлі банкке айналдыру ниетін құптады.
Оның пікірінше, Оңтүстік Кореядағы жетекші банктің Қазақстанда қызмет етуі екі ел арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның микроқаржы ұйымын банкке айналдыру рәсімі аяқталған соң, корпоративтік несие беруге күш салуға шақырды.
Сондай-ақ банк саласында озық IT-шешімдерді пайдаланудың маңызына назар аударды.
BNK Financial Group Inc. — Оңтүстік Кореяның қаржылық тобы.
Оның құрамына Busan Bank, Kyongnam Bank, BNK Capital және басқа да компаниялар кіреді.
Компанияның активі — 129 миллиард доллар. Ал таза табысы — 504 миллион доллар.
Қаржылық топ әлемдегі ең ірі компанияларды есепке алатын Forbes Global 2000 тізіміне енген.