Президент бокстан Әлем кубогының финалын жанкүйерлермен бірге тамашалап отыр

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Әлем кубогының финалын Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында жанкүйерлермен бірге тамашалап отыр. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

World Boxing Әлем кубогының бірінші кезеңіне қатысу үшін 29 елден 250 боксшы келді. Бұл – рейтингтік жарыс. Жеңімпаздардың әрбір ұпайы олимпиадаға жолдама алуға әсер етеді. 

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Айта кетелік Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында Назым Қызайбай (48 келі) алғашқы алтынды қоржынға салды