Президент Болат Бақауовқа суармалы жерлердің аумағын ұлғайтуды тапсырды
19:54, 07 Тамыз 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтееме жасап.
Қасым-ЖомартТоқаевқа аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының биылғы 7 айдағыкөрсеткіштері туралы мәлімет берілді.
Сондай-ақ,облыс әкімі Мемлекет басшысына өңірде жаңа жұмыс орындарының ашылуы,инвестициялық және индустриялық жобалардың, «Нұрлы Ертіс» бағдарламасыныңжүзеге асырылуы туралы баяндады.
Кездесусоңында Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы суармалы жерлердің аумағын ұлғайту,халықтың тұрмыс сапасын арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.