ІІ дәрежелі «Достық» орденімен:
Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассо, Ислам даму банкінің төрағасы Мұхаммед Сулейман әл-Джассер, AD Ports Group компаниясының басқарушы директоры және бас атқарушы директоры Мұхаммед Жума әл-Шамиси, Citi компаниясының тұтынушылармен жұмыс жөніндегі бас басқарушысы Дэвид Ливингстон,, Polpharma компаниясы бақылаушылар кеңесінің төрағасы Ежи Старак, Cameco корпорациясының президенті Тим Гитцель, «Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының басқарма төрағасы Ерлан Досымбеков марапатталды. «Құрмет» орденімен: «Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының директоры Жанна Байдашева наградталды.
Айта кетейік, елордада ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-отырысы өтті.