Президент Будапешттегі Varkert Bazar павильонына барды

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Будапешттегі Varkert Bazar павильонына барды.

- Мемлекет басшысын Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан күтіп алды, - деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.

Фото: Ақорда

Айта кетейік, кеше Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Будапештке барды.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрімен келіссөз жүргізді.