Президент Будапешттегі Varkert Bazar павильонына барды
АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Будапешттегі Varkert Bazar павильонына барды.
Фото: Ақорда
- Мемлекет басшысын Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан күтіп алды, - деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.
Фото: Ақорда
Айта кетейік, кеше Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Будапештке барды.
Фото: АқордаФото: АқордаФото: Ақорда
Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрімен келіссөз жүргізді.
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.