Президент бүгін Қытайдан келе салысымен су тасқынына қатысты жиын өткізеді

АСТАНА. KAZINFORM - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар аймағында болған су тасқынының салдарын жою үшін Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың атқарып жатқан жұмысын бақылауында ұстап отыр. Бұл жайында Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды. 

Фото: Ақорда

Бүгін Мемлекет басшысы Қытайдан келгеннен кейін Премьер-Министр Олжас Бектеновтің және басқа да лауазымды тұлғалардың қатысуымен жиналыс өткізеді.

Қабылданған шешімдер туралы жұртшылыққа тез арада хабарланады.