«Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаттары арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы тиіс. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз. Бұл бағыты заңнамалық тұрғыда жалғастырып, бұқаралық спортты дамытуда кешенді бағдарлама қабылдау керек», - деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.
Президент өз сөзінде 2020 жылы волонтерлер жылы болатынын еске салды.
«Маңызды міндеттердің бірі – жастар мен студенттерді ерікті жұмысқа тарту, оларға белсенді өмірлік позицияларды сіңіру. Бұл – азаматтық қоғамдық бекемдеуде жұмысымыздың маңызды бөлігі», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске сала кетсек, елордада ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы басталды. Бірлескен отырыс барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын жариялауда.