«Jibek Joly World» телеарнасы Президенттің сөзін тікелей эфирде көрсетіп жатыр. Трансляцияны Jibek Joly телеарнасының ресми сайтынан да көруге болады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 77-сессиясының Жалпы дебатының ашылуына қатысып отыр.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-ші сессиясының аясында Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйенмен екіжақты келіссөз жүргізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 77-сессиясы пленарлық отырысының алдында Иордания Королі ІІ Абдалламен әңгімелесті .
Фото:akorda.kz