«Президенттің үндеуін көрдік. Ең маңызды дүниелерді қамтыды. «Тап қазір қажетті дәрі-дәрмектің біразын алдырттық, әлі де алдыртамыз» деді. Халықты үрейге бой алдырмауға шақырды. 13 шілде аза тұту күні деді. Және, арандатушылар мен дәріні қолдан жоғалтып жатқан алыпсатарларға тықыр таянғандығында сездіртті», деп жазды Ерлан Рысқали.
Әнші «қажет болып жатса Президенттің айтқанын оқи аласыз» деп желіде үндеудің сілтемесін ұсынды.