Президент Димашқа тазының күшігін сыйлады

Фото: Фото: әншінің Instagram парақшасы

Қасым-Жомарт Тоқаев әнші Димаш Құдайбергенге тазы күшігін сыйлады, деп хабарлайды Kazіnform.

Ол бұл жаңалықты Instagram парақшасында жеткізді.

«Достар, танысып қойыңыздар, бұл — менің жаңа досым. Табиғаттың бұл ғажабын, яғни тазы күшігін маған Қасым-Жомарт Кемелұлы сыйлады. Тазы — біздің ұлтымыз үшін құндылық, бабадан қалған жеті қазынаның бірі. Қазіргі күні Қазақстанда тазыны сақтап қалуға және халықаралық дәрежеде мойындауға баса көңіл бөлініп жатқаны қуантады» деп жазды қазақстандық орындаушы парақшасында.

Фото: әншінің Instagram парақшасы

Оның айтуынша, бұл қазақы тұқым тән сұлулығымен, ұстамдылығымен ерекшеленеді және өте ақылды келеді.

«Ата-бабамыз тазыны қастерлеп, жақсы көрген. Бұл ит киіз үйге еркін кіре алған, бұл оның тазалығын білдіреді. „Тазы“ атауы парсы тілінен енген, мағынасы — шапшаң, епті. Осындай баға жетпес сыйлық үшін Президентімізге алғыс айтамын! Тазыны Ғарышкер деп атадық» деп жазады Димаш Құдайберген.

Фото: әншінің Instagram парақшасы