«Өткен жылы дипломды басып шығарумен айналысатын оқу орындарын жабуды тапсырдым. Табысты білім беру бизнесіне жұмылдырған ықпалды адамдардың қарсылығының салдарынан жұмыс қиын жүріп жатыр. Бірақ, проблеманы шешу керек. Премьер-Министр осы мәселені ерекше бақылауға алуы тиіс», - деді Президент.
12:29, 01 Қыркүйек 2020
Президент диплом таратумен айналысатын оқу орындарын жабуды тапсырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Диплом таратумен айналысатын оқу орындарын жабу мәселесін шешу керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.