Президент Дүниежүзілік климаттық саммиттің ашылу рәсіміне қатысу үшін Дубайға барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясы аясында Дубайда өтіп жатқан Дүниежүзілік климаттық саммиттің ашылу рәсіміне қатысу үшін Dubai Expo City көрме орталығына барды, деп хабарлайды Kazinform Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Фото:@aqorda_resmi
Мемлекет басшысын БАӘ Президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қарсы алды.
Саммит аясындаҚасым-Жомарт Тоқаевпленарлық отырыста сөз сөйлеп, мемлекеттер және бизнес құрылымдарының басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді.
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. 2023 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.