Президент Ливан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Джозеф Халил Аун мен оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті берік достық пен өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенім білдірді.

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан көшбасшысының жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Ливан халқына бақ-береке тіледі.

Қазақстандық бітімгерлер Ливандағы БҰҰ миссиясында қызмет атқаруға аттанғанын жазған едік.