Президент екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысушы мемлекеттер басшыларын қарсы алды
АСТАНА. KAZINFORM - Қасым-Жомарт Тоқаев екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысушы мемлекеттер басшыларын қарсы алды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысушыларымен суретке түсті.
Айта кетейік, елордадағы Тәуелсіздік сарайында «Орталық Азия – Қытай» ІІ саммиті жұмысын бастады.
Іс-шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚХР төрағасы Ци Цзиньпин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысып отыр.
Айта кетерлігі, «Орталық Азия - Қытай» І саммиті 2023 жылдың 19 мамырында Қытайдың Сиань қаласында өтті. Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мен Қытайдың екінші саммитін Қазақстанда өткізуге әзір екенін жеткізді. Саммит қорытындысында Сиань декларациясына қол қойылып, екінші саммитті 2025 жылы Қазақстан өткізу туралы шешім қабылданды.