«Әрине, Жер кодексіне енгізілген өзгерістердің қажеттілігі де болды, егер осыны Үкімет халыққа дер уақытында айтып, түсіндіргенде, әрбір жауапты шенеунік өзіне жүктелген міндеттерді лайықты орындағанда, Елбасының араласуына деген қажеттілік болмайтын еді. Бірақ әдеттегідей біреуі жұмысты жеріне жеткізе жасамады, екіншісінің оған құлқы болмады, ал енді біреулері бұл істі өз құзырларына жатпайды деп, бейжай қалды», дейді агрофирма басшысы.
Келесі жолы мұндай олқылықтар қайталанбауы тиіс деп санайды Иван Сауэр. «Атқамінерлер тарапынан түсіністік таппаған бұқара Қазақстан көшбасшысына үндеу айта бастады. Президент халықтың дегеніне құлақ қойды. Сөйтіп, Елбасы өз билігін қолданып, бәрін орынды орнына қойып шықты. Яғни, Үкіметтен тапсырмаларды орындау ғана қалады. Енді ондай олқылықтарға орын берілмеуі керек», деді ол.