Бұл туралы Мемлекет басышсы Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.
«Алматы тұрғындарының көңіл күйін жақсы қалыпқа келтіру маңызды. Нақты мәслелерді біз менің осы қалаға наурыздың басында жасайтын жұмыс сапарым кезінде талқылаймыз. Ол жақта шынымен де проблемалар бар. Олармен Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев та айналысқан болатын. Кей жерде ілгерілей алды, кей тұста түрлі себептермен үлгермей жатты, шеше алмады. Бірақ қалай болса да жалпы алған бағыты дұрыс болды. Сондықтан осы бағытта жылжу керек», -деген Президент жаңа әкім Ерболат Досаевқа ең бірінші неге көңіл аудару керектігін нұсқады.
«Менің ойымша, сіздің алдыңызда Алматының қауымымен тығыз жұмыс істеу керек болады», -деді Қасым-Жомарт Тоқаев.