Қасым-Жомарт Тоқаев Эстония Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
15:01, 24 Ақпан 2026
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Эстония Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады . Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент құттықтау жеделхатында Алар Каристің былтыр Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары өзара ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беріп, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуға ықпал еткеніне тоқталған.
Қасым-Жомарт Тоқаев Алар Каристің жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал достас эстон халқына бақ-береке тіледі.
Айта кетелік Президент Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдаған еді.