«Бұл аса сезімтал бағыт популизм мен делитанттықты көтермейді. Бұл істе тек құзыреті бар мамандар жұмыс істеуі керек. Елдің ішіндегі және тіпті сыртындағы оқиғаларға біз барынша таразыланған, ғылыми фактілер тілімен және нақты сандармен өлшенген жауап қатуымыз керек. Біздің бұл бағытта айтарымыз бар. Қазақстан халқы ассамблеясының табысты тәжірибесі - осының айқын дәлелі. Ақпарат және қоғамдық даму министрілігіне интеграция мен жалпыұлттық бірлік, этносаралық қарым-қатынастағы үйлесімділік сияқты өзекті тақырыптар бойынша пайдалы практикалық зерттеулерді жолға қоюды тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы аталмыш шарада этностардың әлеуметтік-мәдени оқшаулануына қарсы шаралар әзірлеуді ұсынды.