Президент FPV-дрон операторларын даярлайтын инновациялық оқу-жаттығу кешенімен танысты

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM - Ресми ашылу салтанатынан кейін Мемлекет басшысына Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов FPV-дрон операторларын даярлайтын инновациялық оқу-жаттығу кешені мен ұшқыштарға арналған заманауи жаттығу симуляторларын таныстырды.

- Одан кейін Президент «Smart sarbaz» жас робот техниктері үйірмесінің жұмысымен танысты, - деп жазылған Ақорданың ресми парақшасында. 

Айта кетейіңк, бұған дейін Мемлекет басшысы XI «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын ашты.