Президент футзалдан Қазақстан мен Нидерланд арасындағы ойынды тамашалауға келді
20:35, 14 Желтоқсан 2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев футзалдан Нидерланд командасына қарсы ойнайтын Қазақстан ұлттық құрамасына қолдау көрсету үшін Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайына келді, деп хабарлайды Kazinform Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтеді.