«Үкімет Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдіктерімен бірге Алматы агломерациясын дамыту аясында нақты ұсыныстар енгізуі керек. Оның ішінде «G4 City» жобасын жүзеге асырудың болашақ перспективалары да бар», - деді Мемлекет басшысы Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңесте.
«Бізде неге екенін білмеймін, барлық жобалар ағылшын тілінде. Бұны шетелдіктер ойлап тапты ма, әлде сіздер ме?» - деді Президент.
«G4 City» – Алматы агломерациясында спутник-қалаларды салу жобасы.