Президент ғылым саласында зор жетістікке жеткен ғалымдарды марапаттады

АСТАНА. KAZINFORM — Президент кәсіби мереке қарсаңында ғылым саласында зор жетістікке жеткен және жоғары білімді дамытуға елеулі үлес қосқан ғалымдарды мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Фото: Ақорда

Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлығында бір топ ғалымға «Парасат» ордені, «Құрмет» ордені,  «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілгені жазылған.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы сондай-ақ бір топ жас ғалымға пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады.

Фото: Ақорда

Марапаттау рәсімінде Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің зертхана жетекшісі Сәрсенбек Монтаев, Генетика және физиология институтының қауымдастырылған профессоры Анастасия Перфильева, Ядролық физика институты Астана филиалының аға ғылыми қызметкері Әлішер Мүтәлі сөз сөйледі.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Марапаттау рәсімінен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдармен бірге суретке түсті.

Фото: Ақорда

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп, «Озық мемлекеттің қазығы — ғылым, ал қазынасы — ғалым» екенін айтты.