Президент Glencore бас директоры Гэри Нейглді қабылдады

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Glencore компаниясының бас директоры Гэри Нейглді қабылдады.

Фото: Ақорда

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа Glencore компаниясы қызметінің нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берілді.

Фото: Ақорда

Бұдан бөлек, еліміздің тау-кен, металлургия және энергетика салаларындағы компания жұмысының негізгі аспектілері талқыланды.

Президент экологиялық стандарттарды қатаң сақтау және өндіріс процесіне инновациялық технологияларды енгізу қажет екеніне айрықша назар аударды.

Фото: Ақорда