Президент грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиды құттықтады

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысы грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиды айтулы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

– Айдос Сұлтанғалиды әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен құттықтаймын. Ол – грек-рим күресінен осы ғасырдағы тұңғыш жеңімпаз. Балуандарымыздың жеңісті жолды жалғастыра беруіне тілектеспін, - деп жазды Президент Instagram парақшасында. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Айдос Сұлтанғалидың грек-рим күресінен 26 жылдан кейін әлем чемпионатында алтын алғанын жазған едік.